Ата-аналарға

Балабақшаға қабылдау мемлекеттік тапсырыс бойынша кезек арқылы және ақылы негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша

  1. egov.kz немесе e-orda порталында кезекке тұрасыз.
  2. Кезек келгенде балабақшаға жолдама беріледі.
  3. Жолдамамен бізге келіп, құжаттарды тапсырасыз.
  4. Ата-анамен шарт жасалады.

egov.kz →

Қажетті құжаттар

  • Баланың туу туралы куәлігі
  • Ата-ананың жеке куәлігі
  • Медициналық анықтама (086/у нысаны)
  • Екпе картасы
  • Жолдама (мемлекеттік тапсырыс бойынша)

Төлем

Назар аударыңыз. Ақылы орынның құны мен мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-ана төлемі әртүрлі. Нақты сомаларды телефон арқылы нақтылаңыз.

+7 778 364 1534+7 747 241 9000

Орынды сақтау

  • Ауырған жағдайда орын дәрігер анықтамасымен сақталады.
  • Демалыс кезінде орын алдын ала жазбаша өтініш бойынша сақталады.
  • Бала ауырған болса, балабақшаға әкелмеуді сұраймыз.